КӘСІПОРЫН СИПАТТАМАСЫ
Түркістан облысы ветеринария басқармасының «Ветеринарлық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
Кәсіпорынның құрылтайшысы - Түркістан облысының әкімдігі (бұдан әрі – Құрылтайшы).
Кәсіпорынның мүлкіне қатысты коммуналды меншік құқығын Құрылтайшы жүзеге асырады.
Кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы болып «Түркістан облысы ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі табылады (бұдан әрі Уәкілетті орган).
Кәсіпорынның атауы: Түркістан облысы ветеринария басқармасының «Ветеринариялық қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Кәсіпорынның заңды мекен - жайы: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы , Жаңа-қала мөлтек ауданы , 32-көше басқармалар үйі ғимараты 3-ші қабат, пошталық индексі 161225.
КӘСІПОРЫН АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ
жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді;
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді;
ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуді;
жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсетуді;
құрылысын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстауды;
жануарларды аулауды, уақытша ұстауды және жансыздандыруды;
ветеринариялық анықтама беруді;
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді және одан үзінді көшірме беруді;
биологиялық материалдың сынамаларын алуды және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізуді;
ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсету;
ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызметі;
дезинфекция, дезинсекция, дератизация, дегельминтизация жүргізу;
ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру мен өткізу;
жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарға ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау;
БАСШЫЛЫҚ ҚҰРАМ
Кәсіпорын басшы міндетін уақытша атқарушы
Басшы орынбасары
Кәсіпорын заңгері